Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады.
Кейбір омыртқасыздар, мысалы, жер құрты, барлық омыртқалылар мен адамдарда қанайналым жүйесі тұйықталған. Буынаяқтылар, моллюскалар және төменгі хордалылардың ашық қан айналым жүйесі бар. Ішектерде, губкаларда, жалпақ құрттарда қанайналым жүйесі болмайды.