Жанар! Атың қандай әдемі! Сендердің бұл қызбен танысып қоюларың керек
Осы повестің бас кейіпкерінің бірі болуға
Жанар - тапитан қыз. Енеуіміз бірге
оқимыз. Жанар - біріншіден, кластағы
ең ақылды ңыз. Екіншіден, сұлу. Әсіресе
қызыл береткасын иіп жүргенде, сон-
дай құлпырып, жайнап кетеді. Даусы
қандай шіркіннің!. Ән салғанда тыңдасаң,
Басына үңілі тақия киіп, мың бұралып
«Қамажайға» билегенин корсең!. Барып
тұрған онерлі қыз. Кластағы бірінші үздік
оқушы
Жанарды ойыма алсам, мен қатты
куанып кетемін.
Шіркін-ай, былай болса, адам әуелі үлкен болып жаралса. Өмірдегі өзіне тиісті
қызмет-мамандығын атқарып болғаннан кейін барып балаға айналса. Сонда маған
Майқанова қалай қарар еді? «Үлкен кезінде ол әйгілі жазушы болған, оның есімі
бүкіл дүниежүзіне мәлім. Олай болса, менің оған ұрса бергенім жарамас, жазушыны
сыйлау керек!» - деп ойлар еді.
Жанардың үйі ношенің басына таман, өзенге таяу. Әнесі — Балабен бригадир
болып істейді. Мамасы Қырымға курортқа кеткен.)
Жанардың үйде жалғыз екенін білгенде қуанып кеттім. «Не де болса, сойлесейін»
деп ойладым
- Кеш жарың, Жанар!
Жанардың таңданған жүзі дереу күлімсіреді. Қасыма жүгіріп неп, шарбақтың
үшкіл басынан ұстап, бетпе-бет тұра қалды.
— Кеш жарық. Қожа! Неғып жүрсің? – деп сұрады ол.
Мен түнделетіп жайлауға кетем.
— Мамаңа барасың ба?
— Иә. Сен неге лагерьге бармадың?
— Мамам келгенше үйде болып, əжеме комектесем. Майқанова апай: «Лагерьге
келесі кезекке жолдама берем», - деді.
Жанар осыны айтты да:
– Қожа, менің әжем үйде жоқ. Жүр, дойбы ойнайық!, — деді.
(Б. Соқпақбаев)
• Повестен Қожаның Жанарға шығарған өлеңін тауып, оқы. Қожаның көңіл күйін
сипаттап айтып бер.
42
2-тақырып