Жалпы есім мен жалқы есім дегеніміз не?

Daria20081 Daria20081    2   28.09.2019 02:40    0

Ответы
муза2007 муза2007  08.10.2020 23:47
Жалпы есім— бірыңғай заттар мен құбылыстардың жинақты атауларын білдіретін зат есімдер: адам, қала, өзен, көл, сағат, отын, су, сана.

Жалқы есім — жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөз, сөз тіркесі. Жалқы есімге адам аттары антропонимдер), географиялық атаулар (топонимдер), діни атаулар (теонимдер), жануарлар атаулары (зоонимдер), аспан денелерінің атаулары (астронимдер), тарихи уақиғалармен байланысты мезгіл атаулары (хрононимдер), рухани нысандар атаулары (идеонимдер) т. б. жатады.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi