-Жалпы адамгершілік құндылықтар ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін аса маңызды мәнге ие өзекті тақырыптардың бірі -Жалпы адамгершілік құндылықтар жайлы гуманитарлық бағыттағы барлық салалар, яғни философия, психология, мәдениеттану, әлеуметтану, эстетика, этика және педагогика ғылымдары кеңінен қарастырады. Құндылықтарға бейімделу, оны бойына сіңіру жеке тұлғаны қалыптастырушы негізгі факторлардың бірі болып табылады. Әлем сахнасындағы кез келген ұлт пен ұлыстың руханияты, мәдениеті басқа халықтармен салыстырғанда өзіндік ерекшелік пен айырмашылыққа толы құндылықтарға ие. Құндылық, соның ішінде әсіресе рухани құндылық ұғымы үлкен мән мен маңызға ие.

- Қалай ойлайсыз, құндылық мәдениетке жата ма?

-Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың жеке тұлғасына қатысты тәрбиені жүзеге асырумен қатар, жалпы қоғамның дүниетанымдық көзқарасы мен ұстанымын, ертеңгі күн бағдарын айқындайды.

Рухани құндылық ғасырлар бойына дүниетаным мен дәстүр негізінде үздіксіз қалыптаса отырып атадан балаға, яғни ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде берілетін баға жетпес асыл қазыналардың бірі.

2-тапсырма:Тыңдалым мәтінінен басты және пен қосымша ақпараттарды анықта.​

maryvysotinap08vi8 maryvysotinap08vi8    3   26.10.2020 07:55    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi