.Жалпақтабандылықты қалай емдейді? ​

Аранида Аранида    2   15.02.2021 09:38    0

Ответы
katmar katmar  15.02.2021 09:40

Жалпақ табан деген не?

Жалпақ табан – табан дөңестерінің төмендеуінен болған табанның жалпаюы. Жалпақ табан сопақша немесе көлденең болуы мүмкін.

Жалпақ табан туа немесе жүре пайда болады.

Туа пайда болған жалпақ табан кезінде, әдетте, байланыстырушы тіндер жетіспеу-

шілік белгілері байқалады – алыстан көре алмаушылық, жүректегі қосымша желі, өттің иілуі және т.б. жалпақ табан бұлшық еттердің дамымауының, дамудың басқа да ақауларының нәтижесі болуы мүмкін. Сирек кездеседі (табан кемшілігімен туғандар шамамен 11%). Алайда тұқымқуалаушылық фактордың маңызы зор. Егер ата-анасы жалпақ табаннан зардап шексе, баланың да табан кемшілігімен тууы әбден мүмкін.

Жүре пайда болған жалпақ табан да, өкінішке орай, сирек құбылыс емес. Жалпақ табандылықты жарақаттар тудыруы мүмкін, бірақ көпшілік жағдайда сынған тобықтың дұрыс бітпеуінен болады.

Жалпақ табанның жүре пайда болу балаларда жиі кезедеседі, өйткені олардың бұлшық еттері әлі де болса әлсіз , сол себепті ауырлықты көтере алмайды.

Үлкен адамдарда жалпақ табан аяққа шектен тыс күштің түсуінен болады. Бұл – артық салмақ, ұзақ уақыт аяқта тұру, жүктілік, биік өкшемен жүру (биік өкшелі, сүйір тұмсықты аяқ киімдерде әйелдер барлық табанға емес, табан сүйектерінің ұшына ғана сүйенеді).

Жалпақ табанды қалай анықтауға болады

Оны анықтау қиын емес. Бұл ұшін майлы крем және бір парақ қағаз алу керке. Сосын табаныңызды креммен майлап, қағазды басыңыз. Барлық табанға сүйеніп, түзу тұрыңыз, өткені нәтижесі қате болуы мүмкін. Енді ізіңізді мұқият қараңыз. Қалыпты жағдайда табанның ішкі жағында табанның үлкен бөлігін алатын ойық болады. Егер ол ойық болмаса немесе ол өте жіңішке болса, онда ол жалпақ табанды білдіреді.

Жалпақ табанды және оның кезеңдерін білдіретін бірнеше белгілерді атап өтейік:

Жалпақ табанның бірінші кезеңі:

•дене күшінен соң табан ауырады;

•кешке таман табан шаршап, ісінеді;

Жалпақ табанның екінші кезеңі:

•аурушаңдық бүкіл аяқты тізе буындарына дейін алады;

Жалпақ табанның үшінші кезеңі:

•бел ауыра бастайды, ал аяқ киіммен жүру қиындайды. Аяқтың ауруы тұрақты бас аурумен сәйкес келуі мүмкін;

•аяқ өсіп кеткендей болады, бір өлшем үлкен аяқ киім алуға мәжбүр болады;

•ескі аяқ киімнің өкшесі ішкі жағынан тапталған.

Алайда, аталған белгілер жалпақ табанға емес, басқа да ауруларға сәйкес келуі мүмкін екенін ескеру керек, мысалы, буындық немесе эндокриндік, сондықтан да нақты диагнозды білу үшін дәрігерге жүгіну қажет.

Жалпақ табанның алдын алу

Ауруды емдеу емес, оның бетін қайтару жеңіл екені бәрімізгі мәлім.

Жалпақ табанның алдын алу үшін 2-3 массаж кілемшелерді пәтерде өзіңіз көбірек жүретін жерлерге төсеп қойыңыз.

Күніне бірнеше рет жалаң аяқ кілемшеге тұрып, келесі қимылдарды жасаңыз:

•аяқтың ұшына тұрыңыз;

•аяқтың ұшынан өкшеге қарай сырғанаңыз;

•табаныңыздың сыртымен тұрыңыз.

Табиғат аясында жүргенде, жерде, дым-қыл шөпте, таста жалаң аяқ жүруге тырысыңыз. Жүрісіңізге назар аударыңыз: аяқты қатар қоюға тырысыңыз, ал жүрген кезде табанның сыртына сүйеніңіз.

Профилактиканың тағы бір тиімді әдісі – бұл арнайы супинатор ұлтарақтар. Мұндай ұлтарақтар табанды қалыпқа келтіреді. Жұқа супинатор ұлтарақтарды туфлиге салады. Бұл шаршаған аяқтардың жұмысын біршама жеңілдетеді және жалпақ табанның алғашқы белгілерін жоюға көмектеседі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi