Жалпа а өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады емес пе?       Еңбек дегенміз бойымыздағы күшімізді пайдалану.
     «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Ал іс-әрекетсіз бос жүру, еріншектік, жалқаулық – жаман әдет болса керек.
     Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Күнделікті ішіп- жейтін тамағының, киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Қысқасы қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұрады.
    Мысалы: Бамбук ағашының қалай өсетініне назар аударайық. Алдымен топыраққа бамбук ағашының тұқымы егіліп, бес жылға дейін суарылып, ықыласпен күтіледі. Алайда алтыншы жылға қараған кезде ғана сабағы өсе бастайды. Бір қызығы, бұл сабақтың алты аптаның ішінде 27 метрге дейін өсіп, бес жылдың ішінде өскен ағаштармен теңесуі.
     Сонда бамбук ағашы бес жылдың ішінде өседі ме, әлде алты аптаның ішінде өседі ме?- деген сұраққа өсірген адамдар «Алты аптаның ішінде»,- десе, ал сырт көзбен қарайтындар үшін бес жылдың ішінде өсіп жетілетіні айдан анық. Дегенмен топыраққа тұқым егіліп, оны ықыласпен суарып тұру, күн көзінен, жаңбыр және желден қорғау сияқты ұзақ уақытқа созылған қажырлы еңбек пен үлкен сабырлылықтың арқасында ғана бамбук ағашы өсіп жетілуде.
     Міне, сондықтан да жұмсалған еңбектің бостан-босқа кетпейтініне және сабыр түбі – сары алтын екендігіне сенуіміз керек. Ал сенімсіздікпен жасалған іс ешқашан да алға баспайды.
     Жұмсаған еңбегіміз жемісті болмай жатып, айналамыздан келетін әр түрлі ықпалдар мен керітартпаларға, еңбегімізді құнсыздай көрсететіндерге оңай беріліп, бұл ісімізден бас тарту сабырсыздық болып табылады. Олай болса, бір сәтте болса да ойланып, «Бұл іс мен үшін қаншалықты маңызды?» деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Қандай жағдай болса да бастаған ісімізден ешқашан бас тартпауға тырысу керек. Өйткені, жетістікке қол жеткізген сәтте ғана қаншалықты дұрыс қадам басқанымызды түсінеміз.
     Олай болса, ұзақ уақыттар бойы сабыр етіп, жұмсалған еңбектер бамбук ағашындай ең берік және ең дұрыс нәтижелерге алып барады. Яғни жемісіміз қиыншылыққа төтеп беріп өскен, оңайлықпен бүгіле қоймайтын бамбук ағашындай болады.
     Сондықтан да жетістікке жетудің сыры – қажырлы еңбек, сабыр ету, еңбегіміздің босқа кетпейтініне сену, дереу баз кешпеу болып табылады.
     «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деген қанатты сөз тегіннен –тегін айтылмаса керек.​


Жалпа а өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін а

bobrovpasha bobrovpasha    3   04.09.2020 15:16    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi