Жақсылардың жақсысы баяғыда бір бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. үйдің айналасы бау-бақша екен. бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. ол ылғи да жабық тұрады екен. сонда әкесіне қызы: - әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді. - оның дұрыс, қызым. жақсылардың ең жақсысы сонда. бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі. қыз есейіп, бойжеткен атанады. әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. қыз әкесіне: - әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,- дейді. - міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! ұршық болса, өнерің жанады. ал кітап оқысаң, білімің артады. жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,- деп түсіндірді әкесі. 16. кейіпкердің назарын өзіне аудару мақсатында қолданылған сөзі бар нұсқа a) қыз есейіп, бойжеткен атанады. b) сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі. c) ал кітап оқысаң, білімің артады. d) - міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар. e) - оның дұрыс, қызым. жақсылардың ең жақсысы сонда. 19. мәтінде кездесетін ң жас атауы a) b) c) қыз d) бойжеткен e) сәби

VladimirLapskiy VladimirLapskiy    2   20.08.2019 15:50    6

Ответы
yrik0440 yrik0440  05.10.2020 07:34

16. Кейіпкердің назарын өзіне аудару мақсатында қолданылған сөзі бар нұсқа.

E) - Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда.


19. Мәтінде кездесетін адамның жас атауы.

D) Бойжеткен

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi