"Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" тақырыбында шағын мәтін жазыңдар, Мәтінде қанатты ,нақыл сөздерді қолданыңдар. 60 сөз

Almirgiv Almirgiv    3   17.03.2021 20:30    1

Ответы
Kniga4001 Kniga4001  17.03.2021 20:40

Бұл мақал жақсымен жаманды ажыратуға байланысты айтылған. жақсыдан үйрен дегені жақсы қасиеттерды өз бойыңа сіңіру, жалпы алғанда жақсы істерді үйрену. Ал жаманнан жирен деген жаман іс әрекеттерден жеркен деген сөз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
vadim4ikkek vadim4ikkek  17.03.2021 20:40

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Бұл ескіден бері келе жатқан қазақтың мағыналы сөздерінің бірі. Адамдарды әрқашан жақсы нәрселерді жақсы адамдардан көріп үйреніп жақсылықты таратуға үндейді, ал жаманшылықтардан ұзақ кету арқылы халық арасына жамандықты тыюды көздейтін нақыл сөз.

Жақсы және игі іс әрекеттер көп болған сайын қоғамдағы көңіл күй көтеріле түседі. Ал жақсы әрекеттердің көп болуы тікелей адамдардың бір бірінен көрген жақсы әрекеттерін қайталап басқа адамдарға жаюына байланысты. Ал жамандықтардың жайылуын қаншалықты шектесек, соншалықты аз адамға зиян келтіреді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi