«Жақсы дос – сарқылмас дәулет.» дегенді қалай түсінесіз? Етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолданыңыз. (100 сөз)​

burkhanovshukh burkhanovshukh    2   09.12.2020 21:04    2

Ответы
KOJIOCOK KOJIOCOK  09.12.2020 22:00

Достық, жолдастық-адам өмірінде келелі орын алатын, бір адамның екінші бір адаммен байланысы. Достық-сан қырлы қасиет, ұлы сезім, сондықтан оны бір-екі ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл сезім адамдардың бірін-бірі құрметтеуінен, медет бола білуінен, шынайы тілектес болуынан, өзіңдей көріп кетуінен көрінеді. Достар арасында басқалар түсіне бермейтін, ұға бермейтін жасырын сыр, құпия сақталады, олар жан дүниесі, ой өрісі, әлеуметтік көзқарасы жағынан егіз болады.

Ата-бабамыздан келе жатқан қатаң қағида, рухани өсиет-достыққа адалдық. Достыққа адалдық туралы талай жантебірентерлік әңгіме-аңыздар, өлеңдер қаншама десеңізші! Осындай жүректен шыққан туындылармен қоректенген қазақ елінің достыққа деген көзқарасы мен түсінігі ерекше екенін атап өткім келеді. «Сен досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып берейін»,-деген екен. Яғни, жолдасы жақсы адамды жақсы деп топшылай беруімізге толық негіз бар.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi