Жақшаны ашып, болжалдық сан есімнің тиісті формасын қойып жаз. байқауға (700) жас ғалым түрлі сала бойынша жұмыстарын жіберген. концертті тамашалауға (100) адам қатысты. футболды (1000000) көрермендер тамашалайды. бұл акцияға (1000) қала тұрғындары қатысты. (40) кісі көлікке мінді. сенбілікке (800) адам қатысты. көрмеге (100) адам қатысты. конференцияға (50) шетелдік қонақтар келді. асанның үлкен баласының жас шамасы (13) менің үлкен әпкемнің құрбысы(30)​

dionakavinep08o5z dionakavinep08o5z    3   06.04.2021 15:40    0

Ответы
goe1 goe1  06.05.2021 15:44

Байқауға жеті жүздей жас ғалым түрлі сала бойынша жұмыстарын жіберген.

Концертті тамашалауға жүздеген адам қатысты.

Футболды миллиондаған көрермендер тамашалайды.

Бұл акцияға мыңдаған қала тұрғындары қатысты.

Қырық шақты кісі көлікке мінді.

Сенбілікке сегіз жүздей адам қатысты.

Көрмеге жүздеген адам қатысты.

Конференцияға елудей шетелдік қонақтар келді.

Асанның үлкен баласының жас шамасы он үштей

менің үлкен әпкемнің құрбысы отыздай

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi