Жаңа тақырыпты бекіту. (тапсырмалар) 1-тапсырма. Мына термин сөздерден сөйлем құрап жаз.
Драма, шприц, филармония, молекула, атом, ұлпа.
2-тапсырма. Дос, отан, еңбек, білім туралы мақалдар жазып, осы сөздерге фонетикалық талдау жаса.
3 – тапсырма. Берілген терминдерді мағынасына сәйкес тауып, сөйлем құрастырып жазыңыз.
Термометр Ауруды анықтау және емдеу туралы іліи
рецептор (биол) Ауырған адамды зерттеу негізінде науқасын табу
диагностика Тітіркенуді қабылдайтын жүйке талшықтары
диагноз Термператураны өлшейтін аспап
4-тапсырма. Мына сөздерге қарама-қарсы сөздер тауып жаз.
Биік үй, кең бөлме, суық жел, жақын жер, жарық бөлме, дос адам, қалың шаш, ілгері жүру, ерте тұру, сұйық тамақ, жұқа кітап, ақ мата, жаңа киім, ащы тағам.
5-тапсырма. Мына синоним сөздермен сөйлем құраңдар.
Әдемі-сұлу-көркем-әсем-келбетті, апта-жұма-жеті күн, аспан-әуе-көк, адам-кісі, кір-лас, ақылды-есті, азайту-алу, кеміту-қысқарту, амандасу-сәлемдесу-қол алысу, ар-ұят-намыс, айлық-еңбекақы-жалақы, мейрам-мереке-той, әдепті-тәртіпті-жақсы, ас-тамақ-тағам.
6-тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құрастыр.
Ер (герой), ер (мужчина), кесте (вышивка), кесте (таблица), кір (грязный), кір (заходи), абырой (честь), абырой (авторитет), ай (луна), ай (месяц), айт (скажи), айт (народный праздник), бас (голова), бас (надави, наступи)