Жаңа мамандықтар Көп нүктенің орнына әдеби және диалектілік лексиканың тиістісін қойып жаз.
Бүгінгі күні ең қажетті, жаңа
қатары өзгеруіне ешкім таң қалмайды. Жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болып, олардың қажеттiлiгі және
ауысады. Осыдан бірнеше жыл бұрын социологтардың жүргізген зерттеулері бойынша, болашақта ең қажет етілетін
10 мамандық айрықша аталып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы баршаның назарына ұсынылған болатын. Қазір
киіп еңбек нарығымен
пен тышқан ойынын ойнайтын кезең емес. Сонымен, қандай жаңа мамандарға сұраныс бар?
Ең алдымен инженерлер. Мамандар болжамдары бойынша өнеркәсіп өндірісімен байланысты инженерлік мамандықтар алдыңғы орындарға шығады. Бірақ қазір кәсіби инженерлердің, техникалық мамандардың және өндірістегі орта буын басқарушыларына тапшылық туындады. Қазірдің өзінде көп елдерде мықты инженерлердің жетіспеушілігі байқалады. Елдегі өндіріс пен техника саласының дамуында бұл мамандардың орны ерекше.
IT (ақпараттық технологиялар) саласының мамандары. Бағдарламалаушы – бұл бағдарламалық қамтамасыз етуді жасайтын және оның жұмыс қабілеттілігін қолдайтын маман. Қазіргі заманда фирма имиджі және сайты – ұйымның сенімділігі мен деңгей көрсеткіші өте маңызды. Нәтижесінде, веб-дизайнер – жоғары деңгейде жалақы төленетін «компьютерлік» мамандықтардың бірі. Әрине, бұл саланың қызметкерлері тамырын тереңге жайып үлгерді. Бірақ, бұл болашақта интернет саласының мамандары қажетсіз болады деген сөз емес. Керісінше күнделікті өміріміз ақпараттық технологияларға барынша бейімделіп жатқан жаһандану заманынла бұл кәсіп иелерінің бәсекеге қабілеттілігі барынша дамығаны қажет.