Жұмбақтар (Загадки)
Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады.
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты...,
Ойлап тап, көтерген алыпты
Аты оның тәтті жеміс есіміндей,
Жемісі халқының мол несібіндей.
Білмесең бұл қаланы, онда сенің
Қалады қателігің кешірілмей.
Шым - шытыр,
Шидай қотыр.
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады
Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады, Бірақ сүртпейді.
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды.
Тау, қыр, жазық, өзен, көл –
Қабырғада биік тұр.
Нансаң, кел, өзің көр –
Бір қағазға сыйып тұр.
Жетісу мен Арқаның арасында,
Сынаптай көлбеген көл жағасында.
Орналасқан қаланың есімі де
Көл аттас, ойлансаң, сен, табасың да?