«Жігітке жеті өнер де аз» эссе 90-100 сөз​

rustiuh rustiuh    1   16.11.2020 06:37    0

Ответы
angelinadvuradkina angelinadvuradkina  16.12.2020 06:38

Қазақ халқы тәрбиеге аса қатты мән берген. Ұл баланы «Азамат», «Елдің қорғаны» деп бағаласа, қыздарды «Ырыс алды — қыз», «Қыздар болашақ ана, ұлттың анасы» деп ардақтаған.

Ал жігіттерге артқан сенімі ерекше болған. Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен қасіретті шақтарда, қиын шақтарда ел намысын, ОТАНЫН, жерін, елін жігіттер қорғаған. Олар сондықтан, жастай шынығып, ширап, ширығып өскен. Қазақтың батыр жігіттерінің бойынан ақыл, айла, төзім, жігер, батырлық өте көп кездескен.

«Жігітке жеті өнер де аз» деген қазақ атамыз. Өнер, білім тек қатерлі күндерде ғана емес, бейбіт күнде де, жақсылықтарда да қажет екені белгілі. Әр қазақ өз перзентін түрлі өнерге баулыған. Олар шетінен әнші, ақын,балуан, етікші, аңшы, мерген болған. Көршілес қай елге, қай жерге барса да қазақ жігітерінің мерейі үстем, беделі асқақ болған.

Мұның барлығы өнердің арқасында жүзеге асқан. Қазақтың әр жігітіне өнер, білім артық болмаған. Олар үйренуден жалықпаған.

Қазаққа барлығынан артығы — адалдық, ар, ұят болған. Бойында адалдығы, ұят, ары, адамшылдығы бар жігіттерден үлкен өнегелі қасиеттер, ерліктер шыққан.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi