Здраствуйте составить краткие ответы по казахскому языку желательно с переводом.1)сын есім . сын есімнің мырайлары.2)сын есімнің түрлері (сапалық , қатыстық ) .3)шылау септеулік шылаулар .4)сапалық және қатыстық сын есім .5)сан есім , түрлері .6)дара және күрделі (дара из 1 слова )

ARTIKSTUR ARTIKSTUR    3   06.06.2019 18:21    5

Ответы
dashagorbunova5 dashagorbunova5  01.10.2020 20:53

ответ:1)Сын есім-заттың сапасын түрін,түсін білдіреді.Сұрағы:қандай?қай?

Оның екі шырайы бар:салыстырмалы,күшейтпелі.

Объяснение:2)Заттың түр - түсін, сын - сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейміз. Мысалы: жақсы сөз, жуан ағаш, суық жел, жүйрік ат т. б

Ал заттың сын - сипатын, әртүрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді қатыстық сын есім дейміз. Мысалы: Ақылды бала, көршілес уй, сәулетті ғимарат, айнадай таза т. б

3)Септеулік шылаулар белгілі бір септік жалғаулы сөздерді меңгеріп, оларға бағыттық, мақсаттық, мезгілдік, үдету, ұқсату, қайталау т.б. грамматикалық мағыналар үстеп тұрады. Мысалы: Ол қалага оқу ушін келді. Ауылға қарай аяңдады.

4)Заттың түр - түсін, сын - сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейміз. Мысалы: жақсы сөз, жуан ағаш, суық жел, жүйрік ат т. б

Ал заттың сын - сипатын, әртүрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді қатыстық сын есім дейміз. Мысалы: Ақылды бала, көршілес уй, сәулетті ғимарат, айнадай таза т. б

5)Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады.

6)

Дара сандар

Өңдеу

Дара сандардың атаулары аса көп емес нөл- (0)бір-(1), екі-(2), үш-(3), төрт-(4), бес-(5), алты-(6), жеті-(7), сегіз-(8), тоғыз-(9), он-(10), жиырма-(20), отыз-(30), қырық-(40), елу-(50), алпыс-(60), жетпіс-(70), сексен-(80), тоқсан-(90), жүз-(100), мың-(1000), миллион, миллиард, триллион, квадриллион, секстиллион, септиллион, октиллион, нониллион, дециллион, андилион, дубдецилион, гредециллион, кваргтордециллион, квиндециллион, сеацдециллион, сендендециллион, октодециллион, новемдециллион, вигинтилион

Күрделі сандар

Өңдеу

Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының (он сегіз, мың тоғыз жүз алпыс бес т. б.), екіншіден , негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi