Здерді анықта. Отбасылық мереке
Бүгін біздің үйде той болады. Менің қарындасымның
тұсауын кесеміз. Міне, қараңыз. Үйдегі адамдардың бәрі
ұлттық киімдерін киген. Әжемнің кимешегі өзіне сондай
жарасады. Қамзолдың ою-өрнегі қандай әдемі! Атам-
ның шапаны да өте әдемі. Оның қалпағы өзіне жарасады.
Әкемнің тақиясы мен менің тақиям бірдей. Анау – біз-
дің үйдің ерке қызы. Оның жанындағы кіндік шешесі.
Ол Томиристің тұсауын кеседі. Томириске қараңыздар-
шы, сондай сүйкімді! Ол үстіне қосетек көйлек, басына
тақия, аяғына былғары кебіс киген.
88