Ізденімпазға тапсырма. Берілген төлеу сөзді төл сөзге айналдырып жаз. 1. Салтанат маған ертең сабаққа келмейтінін айтты.
2. Бастық біздің жұмысқа кешікпей келуімізді ескертті.
3. Сұлтан менен қайда баратынымды сұрады.
4. Айман көршісінен баласын бірер сағатқа қалдыруға болатынын-болмайтынын
сұрады.
5. Арай ұзақ ойланып алып осы жұмыстан бас тартатынын айтты.

ruzar1987 ruzar1987    3   08.03.2021 16:03    1

Ответы
ddcgsshrdfydd ddcgsshrdfydd  08.03.2021 16:10

1) Төлеу сөз- Салтанат маған ертең сабаққа келмейтінін айтты.

Төл сөз- Салтанат: «Мен ертең сабаққа келмеймін»-деп айтты.

2) Төлеу сөз- Бастық біздің жұмысқа кешікпей келуімізді ескертті.

Төл сөз- Бастық: «Жұмысқа кешікпей келіңдер»-деп ескертті.

3) Төлеу сөз- Сұлтан менен қайда баратынымды сұрады.

Төл сөз- Менен: «Қайда барамыз?»-деп сұрады Сұлтан.

4) Төлеу сөз- Айман көршісінен баласын бірер сағатқа қалдыруға болатынын-болмайтынын

сұрады.

Төл сөз- Айман көршісінен: «Баламды бірер сағатқа қалдыруға бола ма, болмай ма?»-деп сұрады.

5) Төлеу сөз- Арай ұзақ ойланып алып осы жұмыстан бас тартатынын айтты.

Төл сөз- Арай ұзақ ойланып алып: «Осы жұмыстан бас тартамын»-деп айтты.

Объяснение:

Жду лучший ответ

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi