«Бірлігі кеткен ел жаман»
6 - Ақпан, 2014 ж 14 162 46
Төле би тоқсан жасқа келгенінде Қаз дауысты Қазыбек сәлем бере барыпты. Елдің жақсылары, шешендер, ойшылдары жиналып, әңгіме-дүкен құрып отырғанында:
– Қаз дауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналдыңдар. Сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар, соны шешіңдер, – дейді Төле би.
– Айтыңыз, айтыңыз?
– Айтсам, он түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
Отырғандар таң-тамаша болады.
– Бұл не деген жұмбақ! Осындай да жұмбақ бола ма?
– Төке, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз? – дейді Қаз дауысты Қазыбек.
– Рұқсат, рұқсат.
– Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман.
– Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман.
– Үш дегеніміз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
– Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман.
– Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман.
– Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман.
– Жеті дегеніміз – жас келіншек жесір қалса сол жаман.
– Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман.
– Тоғыз дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
– Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген, – дейді Қаз дауысты Қазыбек.
Объяснение: