Заттың санын, ретін, мөлшерін білдіретін сөз табы. А.сын есім Б. сан есім С.зат есім.
2.Жинақтық сан есімді көрсет.
А.төртінші Б.төрт С.төртеу.
3.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А.2 Б.6 С.7.
4.Заттың сынын, сапасын, дәмін білдіретін сөз табы.
А.сын есім Б. сан есім С.зат есім.
5.Сын есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
А. Негізгі, туынды Б. сапалық, қатыстық С. Есептік, реттік.
6.«Біз топта алтаудан отырамыз». Сөйлемдегі сан есім түрін көрсет.
А. есептік Б. реттік С. жинақтық.
7.Жіктеу есімдігін көрсет.
А.мен Б. барлық С.анау.
8.Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А.6 Б. 3 С.7.
9.«Біреу сыныпқа кіріп келді». Есімдіктің түрін көрсет.
А.өздік Б.белгісіздік С.жалпылау.
10. –ыншы, -інші жұрнақтары сан есімнің қай түріне жатады?
А. топтау Б. реттік С.болжалдық.