Зар зарман өлеңінің мазмұны бойынша пікірлеріңді ПОПС формуласы арқылы білдіріңдер.

veyper1 veyper1    2   19.11.2020 19:23    0

Ответы

Менің ойымша ақындар алмағайып заманда елдің жігерін жанып, төнген қауіптің бетін қайтаруға халықты үндеп отырған.Жат пиғылдылардың елдің іргесін ірітіп, ырысын шашып, қазынасын қасықтап та, шөміштеп те таситынын елден бұрын аңғарған.Мен оны мына мысалдармен түсіндіре аламын біздің дәуіріміздің ХVІІІ ғасырынан бастап Ресей патшалығы қазақ жерінде де отаршыл, озбыр саясат жүргізе бастады.Зар заман ақындары ұлтқа қауіп-қатер жақындай түскенін естірте отырып, елді ата-баба дәстүрін қаймағы бұзылмаған күйінде сақтауға, ұлттық болмыстан ажырап қалмауға жалынды жырларымен үндеді. Осы арқылы халықты ел басына төніп келе жатқан қасіреттен сақтандырды.Шортанбай өз заманындағы қазақ даласындағы әлеуметтік теңсіздік пен өмір шындығын шынайы суреттей білген сұңғыла жыршы екендігімен қатар суырып салма айтыскер ақын болған.Айтыстың өн бойынан ақынның тапқырлығын, сөзге шеберлігін, тілінің өткірлігін анық аңғаруға болады.Қорытындылай келе бұл кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi