Заманауи киіз үй Ақтөбе қаласының Сазды өзені маңындағы қырда алты қанатты киіз үй орнатылды. Әрі сол биік жерге бейнебақылау камерасы қондырылды. Бұл – жайылымда жүрген малды бақылап, қажет кезде айтап келуге өте ыңғайлы құрал. «Алғашында желден қуат алатын қондырғынытәжірибеден өткізген едік. Жел қатты соққан күні техникалар істен шығып, күннен қуат алатын батареяларға көштік. Өте ыңғайлы. Күннен қуат алып, бұлақ суына мотор ойнатып қойдық. Қазір су үздіксіз келіп тұр. Бейнекамералар арқылы жайылымды қарап отыруға болады», - деді кәсіпкер. Күннен қуат алатын батареямен жабдықталған киіз үйдің кереге, уық шаңырағы бар. Тек пластикалық есік қондырылып, қабырғасы лего кірпіштен қаланған. Үйдің іші киізбен қапталған. Үй қыста пешпен жылытып, электр энергиясымен жарықтандырылады. Кәсіпкер келешекте мұндай киіз үйдің үлкен сұранысқа ие болатынына сенімді.
Мәтінге сүйеніп, 3 сұраулы сөйлем құрап, жазбаша жауап жаз.