Задание по казахскому языку. 2 тыпсырма(составь 5 предложений по тексту)3 тапсырма (найти из текста числительные и выписать) ВОТ ТЕКСТ .Оқылым ️ *ТЖБ-ға дайындық- Подготовка к СОЧ*
*1-тапсырма, Мәтінді оқы,ауызша аудар*
Қазақстан таулары
Сарыарқа – Орталық Қазақстанда орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі – 500-600 метр. Сарыарқа солтүстігінде Батыс жазығымен, оңтүстігінде Балқаш көлімен , шығысында Тарбағатай тауымен шектеседі. Сарыарқаның негізгі көрнекті жері ол - Бұрабай шипажайылық аймағы.Тұрғындар бұл жерді "қазақстандық Швейцария" деп атайды.
Мұғалжар – аса биік емес, тастақ таулар тізбегі. Ең биік нүктесі - Боқтыбай тауы. Биіктігі - 657 метр. Орал тауларының оңтүстік жағында орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Тас тізбегінен оңтүстікке қарай құмды шөл жалғасады. Құмды шөл Арал теңізі мен Мұғалжарды бөліп жатыр.
Тянь-шань және Хан-Тәңірі. Тянь-шань таулы аймағы Қазақстанның оңтүстік-шығысын алып жатыр. Орталық Тянь-Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларында басталады. Осы жерде Қазақстанның ең биік нүктесі – Хан-Тәңірі (6995 м) бар.
Таудың айналасында небір аңыздар тараған. Оны кейде Тәңіртау немесе Қантау деп те атайды. Екінші атауға себеп болған – күн батар кезде тау шыңының қызыл түске боялатындығы.
*2-тапсырма.Мәтін бойынша 5 сұрақ құрап дәптеріңе жаз.*
*3-тапсырма.Мәтіннен сан есімді табыңыз,дәптерге жазыңыз.*