Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Ол – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Тұңғыш Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев. Астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласы. Ол күн сайын көркейіп келеді.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Еліміздің өз рәміздері бар. Олар: Ту, Елтаңба, Гимн. 1993 жылы ұлттық валютамыз – теңге айналымға енгізілді.
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұрады. Олар өзара тату. Әр халықтың өз салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары бар.
Қазақстанның табиғаты әдемі. Жері бай. Біздің елімізде тұратын әрбір азамат өз Отанын мақтан етеді.
Мәтіндегі азатжолдар бойынша шағын жоспар құрыңдар.