ЗАДАНИЕ №2 ОБЩЕЕ ВРЕМЯ: 31:32

ВРЕМЯ НА ЗАДАНИЕ: 01:10

ТЕКСТ ЗАДАНИЯ

Мәтінді оқып, тест сұрағына жауап бер.

Қазақ даласында қолөнер ерте заманда дамыған. Қазақ халқы тұрмысқа керек заттарды қолдан жасаған. Олар ер-тұрман, қару-жарақ, ыдыстар мен жиһаздардан бөлек зергерлік бұйымдар да жасаған. Оларды әдемі оюлармен әшекейлеген. Жүннен киіз басқан, сырмақ жасаған, кесте тіккен, алтыннан, күмістен зергерлік бұйымдар жасаған.

Қазақ жерінің ежелгі тұрғындары – массагеттер барлық заттарды әшекейлейтін болған. Ол туралы атақты тарихшы Геродот: «Массагеттер барлық заттарды алтынмен, мыспен, күміспен әшекейлейді. Құрал-саймандарды мыстан жасайды. Оқтарды да мыстан жасайды. Баскиімді, сәукелені, белдікті, сақинаны, білезіктерді, ер-тұрманды алтынмен және күміспен әшекейлейді. Ер-тұрманды, белдікті, киімдерді былғарыдан жасайды», - деп жазған.

Қазақтар ағаштан жиһаздар, киімілгіштер, ыдыстар жасады және оларды оюлармен әшекейледі. Алтыннан, мыстан, күмістен құрал-саймандар, зергерлік бұйымдар жасады. Жүннен, киізден сырмақ, тұскиіз, киімдер жасады.

Қазақ халқының қолөнері ерте заманнан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.

Сұрақ: Жанама ақпаратты көрсет.

Қазақ жерінің ежелгі тұрғындары – массагеттер барлық заттарды әшекейлейтін болған.

Қазақтар ағаштан жиһаздар, киімілгіштер, ыдыстар жасады және оларды оюлармен әшекейледі.

Атақты тарихшы Геродот: «Массагеттер барлық заттарды алтынмен, мыспен, күміспен әшекейлейді...», - деп жазған.

Назад

Вперед

Teacher991 Teacher991    3   18.05.2021 13:27    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi