Задание: 1-тапсырма. Мәтінді оқы/Прочитай текст

Күймесгүл (Dіctamnus) – руталар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Дүние жүзінде Жерорта т. жағалауларынан Қиыр Шығысқа дейінгі аралықта кездесетін 6 түрі белгілі. Қазақстанның далалы шалғындықтарында, бұталардың арасында және тау етектерінің бұталы беткейлерінде өседі. Орманның ашық алаңы мен таудың ортаңғы белдеулерінде көбірек кездеседі. Балқаш – Алакөл қазаншұңқыры, Мойынқұм өңірінде (Жамбыл облысы), Жетісу (Жоңғар), Күнгей Алатауларында, Шу-Іле тауларында шашыранды таралған 1 түрі – таспажапырақ К-і (D. angustіfolіus) бар. Оның биікт. 50 – 100 см. Сабағы бұтақты, қалың, ұзын түкті. Сабағының түп жағындағы жапырақтарының тақтасы салаланбаған бүтін, сабақ ұшына жақындаған сайын тақ қауырсынды жапырақшалардан тұрады. Гүлі қос жынысты, 5 тостағаншасы күлгін қызғылт түсті, 5 күлтесі, 10 аталық, 5 ұялы бір аналығы болады. Мамырдан шілдеге дейін гүлдеп, шілде – тамыз айларында жемістенеді. Жемісі – бес ұялы қауашақ. Әр ұясында 2 – 3-тен қара, жылтыр тұқымы бар. Күймесгүл – өте улы өсімдік, жағымсыз иісті болғандықтан мал да жемейді. Егер жаңбырлы күндері гүлін бұтағымен жұлып алса, денеге тиген жерін (өсімдіктің ұлпасынан бөлінетін – диктамнотоксин заты) күйдіріп жібереді. Жазылған күнде де орны қара дақ болып көпке дейін сақталады. Өсімдіктің құрамында эфир майы өте көп. Егер өсімдік отқа жағылса жалын өшкеннен кейін өсімдік сабағының өртенбегенін байқауға болады. Себебі, жалын беретін тек қана эфир майы. Осы ерекшелігіне қарай күймесгүл аталған.‎
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер/ответь на вопросы

Күймесгүл қандай өсімдік?
Күймесгүлдің биіктігі неше см.?
Жемісі қандай?
Күймесгүл қай жерде өседі?

Үйге тапсырма.

3-тапсырма.

Мәтіннен тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сыз.

guljanatkabdrasheva guljanatkabdrasheva    1   01.12.2020 09:40    1

Ответы
torebekkismetov torebekkismetov  31.12.2020 09:41

Күймегүл руталар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік.

Оның ұзындығы 50-100 см.

Жемісі —бес ұялы қуашақ.

Орманның ашық алаңымен таудың ортаңғы белдеулерінде көбірек кездеседі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi