Өзің жақсы көретін үй жануарларының төлдері туралы шағын мәтін жаз. төлдерді сипатта. олардың не істейтінін жаз. оч !

danylka33 danylka33    2   27.09.2019 22:20    9

Ответы
Vasya789 Vasya789  08.10.2020 23:27

Менің сүйікті төлім.

Маған құлын ұнайды. Құлын - жылқының төлі.

Атам менің туған күніме кішкене құлын сыйлады. Мен өте қатты қуандым, себебі бұл - өте құнды сыйлық. Сонымен қатар, өте үлкен жауапкершілік.

Мен оған ырымдап, Қобыланды батырдың Тайбурылындай жүйрік болсын деп, Тайбурыл деген ат бердім. Менің құлынымның түсі - қоңыр, құлағы - үлкен, жалы - қара, ал құйрығы болса, ұзын. Сонымен қатар, жүйрік жылқының сипатындағыдай, бет әлпеті шығыңқы, маңдайы жазық, дүрдек ерінді. Болашақта менің құлыным нағыз жүйрік болады деп сенемін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi