Өзіңізді «Парасат» республикалық журналының тілшісімін деп елестетіңіз. Журнал редакторы сізге ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесіп, сұхбат алуды тапсырды. Сіз министрге қандай сұрақтар қоясыз? Не туралы сөйлесесіз? Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазыңыз.
Мына жайттарға назар аудар:
• Оқырман нені білгісі келеді?
• Олар ненің түсіндірілуін қалайды?
• Интервьюді оқырманға түсінікті тілмен жеткізіңіз.
• Сұхбатта бұқараның өміріне жақын мысалдарды келтіріңіз.
• Интервьюдің құрылымын сақта (кіріспе – сіз сұхбат алатын адамның есімін еске түсіріп, негізгі идеяны білдіретін ойды көрсету; негізгі бөлім – тақырыпты ашатын
• 3 сұрақ құрастыру; қорытынды – сұхбаттың түйінін айту, сұхбат алушымен қоштасу).
• Ашық сұрақтар қойыңыз, «иә, жоқ» деп жауап беретін сұрақ қоймаңыз.
Қолдануға болатын тілдік құралдар:
Ғылыми-технологиялық прогресс,өркениет өркешіне шыққан ел, адамгершілік құндылықтармен бір арнада тоғысы, өркениет деген – уақыт, мекен және адам секілді үш фактор негізінде, қалың бұқараның біреудің қаңсығын таңсық көріп, санасы сансырап, адасатын кезеңі болады, қоғам қазіргі заман түсінігіндегі өркениет жетістіктерімен қайта жарақтанды, бір қызығы, көште қалған «дамушы» елдер, халқымыздың ұлттық рухы оянып, төл мәдениетін қайта жаңғырту үшін ең серпінді әрі батыл қадамдарға баруы, жастық жалынымен жарқын болашақтың туын желбіретер қазіргі ұрпақ, өз халқының төл құндылықтарын жанындай қорғауы қажет.