«Өз уақытымызды ұтымды пайдалана білеміз бе?» тақырыбына шағын эссе жаз. (70-80 сөз) Дескриптор:
Тақырыпты ашады -
70-80 сөз көлемінде жазады -
Орфографиялық және пунктуациялық сауатты жазады - ​

агенбенди003 агенбенди003    3   23.12.2020 07:24    3

Ответы
11Misha201 11Misha201  22.01.2021 07:26

Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе - ол уақыт. Адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың адамға бағынбайтын өз заңдылығы бар. Қазақта уақытқа қатысты "қас қағым сәт", "көзді ашып-жұмғанша", "қамшының сабындай қысқа ғұмыр" тәрізді сөз тіркестері бағзы заманнан қалыптасқан. Уақыт - емші, уақыт - төреші деген де бар. Осылайша, ата-бабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадір-қасиетін ұрпақтарына жеткізуді қалаған.

Уақытты зая кетіру - ең ауыр өкініш. Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып қалады. А уақытын ұтымды пайдалана білгенде ғана көздеген мақсатына жете алмақ. Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: Қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін біл, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін біл, қысылтаяңнан бұрын бос уақытты қадірле және өлмей тұрып, тірілігіңді ғанибет біл деген сөз содан қалса керек.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi