зіндіні оқыңыз. Үзіндіде автор мен кейіпкерлер арасындағы байланысты сұраққа жауап беру арқылы ойыңызды жеткізіңіз.
´Бір күні бие ағытар уақытта, ауылдың сыртындағы бір төбешікте құпия сөйлесіп үш кісі отыр еді. Оның бірі мағлұм Сәрсенбай, екеуі - сол елдегі атқа мініп жүрген, ел арасы тыныш болғаннан даулы, сөзді болғанын артық көретін пысықшалау адамдар еді.
Әлгі екеуі Сәрсенбайға қарап: «Сәрсеке, бұл заманның өзі қорыққанды сыйлайтұғын заман болды, азырақ дәреже біткен кісі - бай қара кісіні кісілікке алудан кетіп барады. Сол себепті біздің сізге айтқалы келген сөзіміз - алла тағала сізге біреуден артық, біреуден кем дәулет беріп, екінші мынау бір жаман немеңіз бар. Бұл жаман екі айналып келмес, бір күндерде малың шағын болып, басқа да зар болдыңыз, «қубас» деген сөзді естіген күніңіз болды. Енді тәуекел деп, атыңызды бір шығарып қалсаңыз қайтер екен? Міне, сайлауға да үш ай қалды. Көп болса, үш жүз теңге шығар. Сіз мақұл көрсеңіз, біз өзімізге қараған Құрман болып билікке сайлағымыз келеді, халық сөзді бір сапарға қалай тастап кете қояр екен деп ойлаймын. Өзіміздің Нүрпейіс би ризалығымен берсе, жолын алар, болмаса тәуекел деп тapғa түсерміз,- деп, неше түрлі тәтті сөздермен құбылтып, Сәрсенбайды азғыра бастады.
Сәрсенбай қанша момын адам болса да сөзге бұрылмайтын пенде бола ма, дәулетке қызығып, біраздансоң: «Өздерің біліңдер», - деп жауап қайтарды. Бұл мәжілістер бір мәрте болмай, бірнеше күндер ақылға салынып, ақырында Сәрсенбай билікке таласпақшы болды.

´Сізге автордың тілдік қолданысы ұнады ма?
´Сіздің ойыңызша, шығармадағы ең маңызды мәселе не?
´Шығармада сізді таңғалдырған қай кейіпкердің әрекеті болды ?
´Шығарманы оқығанда сіздің көз алдыңызға қандай сурет елестеді?
Автор ойымен келіспейтін тұстарыңыз бар ма?

Konstantin11111 Konstantin11111    3   20.01.2021 12:52    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi