Үзінділерден теңеуді анықта. Қой сойып, үй басына ойын қылып,
Жиылып жүруші еді қыз бен келін.
Шалқыған тасқан судай көңілін басып,
Әркімге қоңсы атанды-ау кербездерім.
Тайсойған, Ойыл, Қиыл, Дендеріміз,
Қарабау мекен еткен жерлеріміз.
Жайық пен Қарабаудың тең ортасы
Тепсеңге мал жайылар кең жеріміз.
Нарға артып толы саба, кілем жауып,
Жиын-той, қызық еді көргеніміз.
Ат мініп арғымақтан бүгілдіріп,
Бір озды Байұлыңда өрнегіміз.