|Үзінділерді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. |1-үзінді. Халқымыз ұл баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта да ұл бала
тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар...» дей отырып, қазақ отбасында әкелер
өзінің білетін бар өнерін ұрпағына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір
сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі
шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың,
сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.
2-үзінді.«Қыз қылығымен сүйкімді...» демекші қыздың намысы мен ары, адамгершілігі
оның оқуға, қоғамдық пайдалы істерге, отбасына, құрбы-құрдастары мен ұжымға
қарым-қатынасына байланысты. Әрбір қыз балаға ата-анасын, ұстазын сыйлап, қадірлей
білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін,өз шаңырағын ардақтайтын,
балаларын жанындай көретін қамқор ана, сыпайы жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыз
баланың бойына сыпайлық, мейірбандық, адалдық, сезімталдық және еңбекқорлық
сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дарытуды халқымыз өте ежелден қолға алған.
|1.тапсырма 2 мәтінді салыстырыңыз. 1-үзінді мен 2 үзінді кімдер туралы, ашып
жазыңыз.Мақал-мәтелдердің теріп жазыңыз және мағыналарын өз сөзіңізбен жазыңыз.
2.тапсырма ұсынылған суреттердің бірін таңдап, жазбаша мәтін құраңыз; таңдалған
суреттегі іс-әрекеттері туралы жазыңыз; суреттің сюжетін анықтаңыз;


|Үзінділерді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. |1-үзінді. Халқымыз ұл баланың тәрбиесі

notcloud228 notcloud228    2   10.03.2021 11:52    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi