Үзіндідегі етістіктерді теріп жазып, шағын анықта. Электронды кітап қағаз кітапқа қарағанда анағұрлым жеңіл, көлемі де шағын болған. Смартфонға жүзден астам кітапты жүктеуге болады. Сөйтіп, қалаған кітабыңыз смартфоннан әп-сәтте табылмақ. Ал смартфондағы жазбаларды қалаған уақытыңызда оқи беруге болады. Сонымен қатар, ғаламторды тиімді пайдаланып, ақша табуға да мүмкіндік бар. Мәселен, қазір инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жарнама жасайтын блогерлер көбейді. Инстаграм игілігін білетіндер өзінің өнімін болашақта онлайн сауда жасап сата алады.