зіндіде көркемдегіш құралдарды табу керек (текст на самом деле легкий, но я так и не смогла найти көркемдеуіш құралдарды):
...Әкелерімен қабаттаса атқа мінген Шоқан, кешегі Мысыққа айтқан уәдесі бойынша кісілерден бөліне құдық басына тартты. Әңгімемен алданып алғашында абайламай қалған Шыңғыс баласының жалғыз кетіп бара жатқанын көріп шақырып алды.
– Сен, жалғыз қайда бара жатырсың? – деп бөліне жүру себебін сұрады.
– Атеке, кеше Мысыққа, әлгі мүсінші балаға, келем деп уәде бергем, соған барам.
– Кейін-ақ бармайсың ба, ол бір жаққа кетіп қалар деп пе едің? – деген әке сөзіне:
– Уәде айтып, артынан алдасам ұят болады ғой. Бұдан былай ол менің сөзіме сенбейді ғой, – деді. Шыңғыс Шоқанға ойлана қарады да:
– Ә, жарайды, бар. Екі айтпаған жақсы, – деді. Шыңғыстың өңінде баласына іштей разыланған ажар бар еді.
– Төре баланың мына қылығы қандай жақсы тәртіп. Өтірік айтып алдасам, ендігіде сенбейді ғой дейді. Болар бала… деген-ау, – деп Арыстан бөліне жөнелген Шоқанға сыртынан сүйсіне ықылас білдірді.
Шоқан құйғыта шауып құдық басына келгенде, Мысық алдынан қарсы шықты. Ол қолына ұстаған жаңа мүсіндерін жоғары көтере:
– Мә, Шоқан істеп қойдым. Мен сені келмей қалар деп ем!
– Жоқ, мен айттым ғой келемін деп, неге келмеймін. Уәде етпеу керек, уәде еттің орында. Міне, сен де кеше уәде еттің, айттың, орындап тосып отырсың, – деп Шоқан досына өзінің әдетін түсіндірді. Мысықтың бұл мүсіндері Шоқан айтқан түйе емес, құстың тұлғасын бейнелепті. Жаңадан көргенін, жаңа нәрсені тез танығыш Мысықтың зеректігі Шоқанға сондай ұнады. Мына жасаған мүсіндері әлі тобарсымаған, босаңдау екен. Қолына алып ұстап көрді де:
– Сен мүсіндерді күн көзіне қойып тобарсыт, қазір алуға әлі жас екен.