Үзінді қай шығармадан алынған? Жылқы кісінейді. Қара дауылда дүрліге шапқан қалың жылқының
ШОШынып шыңғыра кісінеген даусы келеді құлағыма. Алды апан ба, ор ма,
Өн бойын үрей билеп алған жануарлар опыр-Топыр орғып, шыңғырып
кісінеп барады. Менің бойымды да қалтыратқан жаман үрей бар. Қалың
тұяқтың дүрсілінен жер селкілдейді. Жылқыларды анық көре алмаймын,
жүн қаптап қойғандай қою күңгірт, қара қожалақ аспанның реңкінде
едірейген құлақтары мен төгіліп толқып бара жатқан жал құйрықтарының
бедерін ғана аңғарамын. Таудан құлаған тасқын сияқты ұмар-жұмар
толқын болып ағып барады. Ағыза шапқан айғырлардың алқына
шыңғырып кісінеген айқайы шабыстарынан озып, ұзап алысқа кетіп
жоғалады. Құлағымда тек тұяқ дүрсілі қалады.
Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»
А.Алтай «Қараштың қарасы»
Ы.Дәбей «Жылқы атылған жаз»
Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін»
Н.Ораз «Жылқының көз жасы»
11:30​

wildforme wildforme    1   15.11.2020 08:52    7

Ответы
MrFoksSuper MrFoksSuper  12.02.2021 17:45

Дұрыс жауабы: Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін»

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi