ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ 1-тапсырма
Оқулықта берілген ағартушы, қоғам қайраткері Ыбырай
Алтынсариннің хатын оқып, білім саласына сіңірген еңбегі үшін алғыс хат
жаз.
2-тапсырма
Жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап жаз.
Бірде дәруіш сапарға шығып, жолда кездескен кез келген
жолаушыны «Жүрегің бар ма?!» деген сӛзбен қарсы алыпты. Адамдар
айтылған сӛздің мәніне бірден кӛңіл бӛлмесе де, жолаушылардың бірі,
сен «Жүрегің бар ма?!» дегеннің орнына, неге қайырымдылық, махаббат,
сенім, жақсылық, тіпті рақымдылық туралы айтпайсың? – деген сауал
қойыпты. Сонда дәруіш «Тек жүректі ұмытпауың керек, сонда
қалғанының бәрі болады» – деп жауап беріпті.
Дәруіштің ойымен келісесің бе?
Сендер қалай түсіндірер едіңдер?
Үй жұмысы:4-тапсырма
Адамдар мен жануарлар арасындағы сүйіспеншілік туралы
сыныптастарыңмен пікір алмасыңдар. Ӛміріңнен мысалдар келтіріп,
дәптеріңе жаз.