Өз досың туралы "Менің досым" тақырыбында шағын эссе жаз

Йошино1 Йошино1    2   10.04.2020 09:58    2

Ответы
irinkagoncharo irinkagoncharo  13.10.2020 01:12

Менің жан досым" сөзінің мағынасы не екенін сұрасаңыз, әркім әртүрлі жауап береді. Бірақ барлығының түсінігі бір, дос – үнемі қасыңнан табылатын, қиындықта көмектесетін жан.

Менің ойымша, достың орны бөлек, қасыңда қиналғанда сырыңды айтып, ал қуанғанда қуанышыңды бірге бөлісетін жақын досыңның болғанына не жетсін, шіркін! Қазіргі заманда шынайы дос табу өте қиын…

Менің ең жақын құрбым бар. Оның есімі – Мәдина. Ол менің әпкемдей болып кеткен жан. Екеуіміз қайда барсақ та, бірге жүреміз. Бір-бірімізді ешқашан ренжіткен емеспіз, қайта қиын- қыстауда қол ұшымызды береміз. Мен бұл өмірде өз құрбымды еш ренжітпей, әрқашан да қасынан табылғым келеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi