Бала үшін анадан артық адам жоқ. Менің анам өмірдегі ең әдемі, мейірімді адамдардың бірі. Мені қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсірген адам. Алғаш сөйлеуді де, жүруді де үйреткен менің алғашқы ұстазым. Ауырған кезімде мені емдеген алғашқы дәрігерім. Барлық тәтті, дәмдіні алдыма қойған. Ақ жаулығын басынан тастамаған адам. Менің анам, менің жан жүрегім.
Егер әлемде жалғыз жақсы адам болса, мен ойланбастан: "Ол-менің анам" дер едім. Менің анам сондай - жүрегі мен дегенде лүпілдеп, мейірімі көзінен де, ісінен де, сөзінен де төгіле түседі. Оның айтқан әрбір сөзі мені қанаттандырып, мәңгі балалық шақта, кішкентай бөбек болып қалардай сезімге бөлейді. Анам маған әрдайым нәрсенің жақсысын беруге тырысады. Ол өзін ойламайды ма деп кейде ойға батамын. Бірақ ана шіркін көңілі кең даладай дарқан. Әр баласына жалғызындай қарап, әрбірінің көңілін табуға ұмтылады. Егер дүниеде "аналар" болмаса, бәлкім татулық, мейірімділік атаулы болмаушы ма еді...

Объяснение: