- Қазақ тiлi
- Қызық кино болды. Ұшқыштар
Қызық кино болды. Ұшқыштар жайында. Кинодағы
ағаның батырын-ай! Үшағымен құстай құлдырап, қорықпай
ұшты. Ұза-а-а-ақ ұшты. Аударылса да, құламайды. Ұшағы
жанса да, жыламайды. Неткен өжет, ә! Батырлар солай...
Әлкен әбден риза. Шешесіне бәрін айтқанша асық.
- Құлыным-ай, мұнша не болды?
Әлкеннің айтпағы тіпті басқа:
Мама, батыр болайын ба, а? Болайыншы, а?
Шешесі елжіреп, шөп еткізіп сүйіп алды.