Қыз Жібек - қазақ халқының жыры, қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастандарының ішіндегі ең көркемі. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің символы, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш. Тарихы Қыз Жібек–лиро-эпостық жыр. Шамамен 17-ғасырда жазылған. Жыр нұсқалары арасында айырмашылық аз. Тұңғыш рет Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған (1880).
Тарихы
Қыз Жібек–лиро-эпостық жыр. Шамамен 17-ғасырда жазылған. Жыр нұсқалары арасында айырмашылық аз. Тұңғыш рет Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған (1880).