Қысқы ұйқы Диктантынаң біріккен сөздерду табуға көмектесініздерші​

Thevalk3 Thevalk3    1   10.02.2021 14:08    1

Ответы
Алина13445 Алина13445  12.03.2021 14:08

Жаңа сабақты түсіндіру:

Қысқы түн

Қыстың ұзақ түні. Үлкен таудың ішінде жел гуілдеп соғып, ақ боран ұйытқып ойнап тұр. Қараңғы, тұманды түннің жанды шошытатын суығы қаһарлы. Ашуы келіп аласұрған қатты дауыл бетіне қарсы қараған затты жерге қаққандай болып құлшынып тұр. Ысқырып, бұлқынып, жынданып, келе жатқан жолында беті қара жартас, жапырағынан айырылған әлсіз ағаш, қарауытқан кішкене қора көрінсе де, екпіндеп келіп, кеудесімен соғып, ақ түтек боранның қиыршақтанған ақ тозаңын шашып, беттерін дамыл алмай көміп тұр.

Долы желдің айдауына түсіп, түтіндей болып алақаншықтанған ұсақ қар ұйытқып келіп, қуыс жердің бетін басып жатыр.

Шыңтау тентек желдің ашуы мен ойнағына қарап, тұманды ойға батқандай, бас жағы бұлтқа араласып, мұнарланып, түнеріп тұр.

Ақ боран көк пен жерді бір - біріне араластырғандай: аспандағы ай - жұлдыз, жердегі қара - құрадан ешбір белгі жоқ. Айнала аппақ болып тұтасып алған.

Биік тауға екпіндеп ойнап шығып, шың басында өнеріне сүйсінгендей ойнақ салып, етекке қарай ысқырып құлап жөнелгенде, долы дауыл сай бойында жын - перінің күйіне билегендей болады. Ағындап құтырып келіп, жартасқа соғып қорқытпақ болып, көрігін басып гуілдейді.

МИНЕ ОТЕ КОП БОЛСА КЕШИР БИРАК КЕРЕК ЖЕРЛЕРИННЕН ЖАНЕ МАНЫЗДЫЖЕРЛЕРИНЕН ЖАЗЫП АЛ ОК❣❣☺️☺️

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi