Қымбатты отандастар! Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!
Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!
Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.
Бабаларымыздың арманы.
Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел
болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.
Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық
жол тәжірибесі. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді
нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық
негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.
Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп,
қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын.
Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен
барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050
Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға
шақырамын! Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған.
Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып,
осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар.
Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!
күрделі жоспар құру!