Қымбатты отандастар! Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!
Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!
Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.
Бабаларымыздың арманы.
Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел
болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.
Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық
жол тәжірибесі. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді
нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық
негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.
Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп,
қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын.
Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен
барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050
Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға
шақырамын! Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған.
Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып,
осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар.
Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!

Мәтіннен 3 көркемдегіш құралды теріп жазып, түрлеріне қарай ажыратыңыз. Бұл
көркемдегіш құралдарды автор не үшін қолданды?
Көркемдегіш құрал Мәтіннен мысал Автор не үшін
қолданды?
Эпитет
Метафора
Метонимия

sakds sakds    3   11.10.2020 22:48    206

Ответы
Dasha021659 Dasha021659  11.10.2020 23:01

ответ:эпитет:мәңгілік ел-құбылыстың сыр сипатын бейнелі түрде таныту үшін қолданды.

Метафора:уақыт сыны- ойлы әсерлі жеткізу үшін қолданды.

Метонимия: Іргетасын қалаған басты құндылықтар(іргетас)- ойды ықшамдап және сөз образдылығы үшін.

ЛАЙК бас А.ОРАЗМҰХАМЕД

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi