Ғылыми стильге ,публицистикалык стильге, ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдебиет стилі ресми құжат стилі не мысал жасап бериндерш отинем

jendossia jendossia    3   13.06.2019 18:00    1

Ответы
Was1231 Was1231  10.07.2020 17:01
Ғылыми стиль: Ауа-райының өзгеруі атмосферада өтетін нақты құбылыстарға байланысты. Атап айтсақ, Жер осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері ауысып отырады. 
Публицистикалық стиль: Күз келіп, ауа-райы салқындай түсуде. Синоптиктердің болжауынша аптаның соңына дейін температура 0-ден төмен деңгейде сақталады. 
Ауызекі сөйлеу стилі: Күн бұзылып кетті. Енді салқын болады дейді. Жылы киіну керек еді.
Көркем әдебиет стилі: Жаздың шуақты күндерін артта қалдырып, суық қылышын сүйретіп күз де келді. Аспанға бұлттар үйіріліп, жаңбыр нөсерлете төкті. Ызғар жел далада биледі.
Ресми құжат стилі: Барлық нысандарда күзгі-қысқы мезгілге дайындық жұмыстарының жоспарлы шаралары жүргізілді. Ауа-райының ахуалына байланысты жабдықтар кезеңмен іске қосылады. 
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi

Популярные вопросы