Үйге тапсырма
"Ахмет — ұлт ұстазы"тақырыбына эссе жазу​

МариКэт1 МариКэт1    1   21.12.2020 20:24    4

Ответы
rasolcheatnet rasolcheatnet  04.07.2021 23:19

2017 жылы еліміз қазақ қоғамы мен мемлекетінің қайраткері, ағартушы, ақын, аудармашы, педагог, публицист, түркітанушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығын атап жатыр.

Кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған оның есімі жарты ғасырдан астам уақыт бойы аталмай, Қазақстан тарихынан лайықты орын ала алмады.

А.Байтұрсынұлы бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысында, шаруаның жанұясында дүниеге келген. Алғашында ауылда білім алып, кейін Торғайдағы орыс-қазақ училищесі (1886-1891) мен негізін Ыбырай Алтынсарин қалаған Орынбордағы мұғалімдер мектебін (1891-1895) тәмамдаған.

Мұғалімдік қызмет жолын 1895 жылы бастаған. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінің ауыл, болыс училищелерінде сабақ берген. 1905 жылы саяси қызметке көшіп, «Қарқаралы петициясы» авторларының бірі атанды. Бұл құжатта жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi