Ұялы телефон – сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Қазіргі кезде қалта телефоны зор маңызға ие болып үлгерді. Осыдан 5-6 жыл бұрын қалта телефоны маңызды жұмысы бар азаматтарда ғана болса, қазір екінің бірінде кездеседі. Тіпті мектеп табалдырығын енді аттаған жас жеткіншектердің өзі бұл телефоннның соңғы үлгідегі бағалысын ұстайды.
Ұялы телефонның тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы телефонды ойлап тапқан Motorola компаниясының қызметкері Мартин Купер болды. Өнертапқыш а телефонды өзімен бірге алып жүру идеясын жүзеге асырды. Әлемдегі алғашқы ұялытелефонның салмағы 1,15 келі болса, өлшемдері 22,5х12,5х3,75 см-ге тең еді. Жарық диодты дисплей теріп жатқан телефон нөмірін көрсету функциясын атқарды. Аккумулятордың сыйымдылығы жарты сағат сөйлесуге жетсе, зарядтау процесі 10 сағатты талап ететін. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.Ұялы телефон біреумен кезігерде оңай тауып алуға, бір нәрсе жайында сұрай салуға, алыстағы ағайынның жағдайын біліп тұруға таптырмайтын құрал. Кішкентайлардың көпшілігіне қалта телефоны тек ойын ойнауға, әуен тыңдауға, бейнеклип көруге, ғаламторға кіруге т.б. керек. Адамдар телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды, ондағы күнтізбесін, оятқышын (будильник), еске салғышын (заметка), сағатын және т.б. пайдаланады. Айта берсең алақандай ғана телефонның мүмкіндіктері көп.
https://www.metod-kopilka.
1- тапсырма.
1.Ұялы телефондардың тарихы қай уақыттан басталады?
А) 1972 жылы 3 сәуір
B) 1973 жылы
С) 1973 жылы 4 сәуір
D) 1973 жылы 3 сәуір
Е) 1972 жылы 3 сәуір
F)1975 жылы
2. Ұялы телефонды алғаш рет ойлап тапқан кім?
А) Microsoft Word компаниясының қызметкері
B) Microsoft Word компаниясының қызметкері Мартин Купер
С) Motorola компаниясының қызметкері
D) Motorola компаниясының қызметкері Мартин Купер
Е) Мартин Купер
F) Дэвид Купер ​

torra11 torra11    1   19.05.2020 16:38    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi