Я Тапсырма
1. Мәтінді түсініп оқыңыз.
2. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтап алыңыз.
3. Анықталған ақпараттар негізінде 3 сұрақ құрастырыңыз.
4. Сұрақтарыңызға жауап жазыңыз.

Қазақстанның Қызыл кітабы

«Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында
жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен
өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла
бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап
болып 1978 жылы жарық көрді. Екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып
шығарылды. «Қызыл кітаптың» үшінші басылымында тіркелген омыртқалы
жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір
жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге
әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін
карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар,
мақалалар) көрсетілген. Оның өсімдіктерге арналған бірінші басылымында
өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288,
ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3,
саңырауқұлақтардың 10, қыналардың 1 түрі берілген. «Қазақстанның Қызыл
кітабының» әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты
аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.

cleverprincess cleverprincess    2   16.11.2020 09:00    60

Ответы
Ахмрев Ахмрев  16.12.2020 09:01

1.Қазақстанның"Қызыл кітабының"маңыздылығы-ол жойылып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер мен жануарларды қорғауға алады.

№3

1)"Қызыл кітаптың"бірінші басылымына қандай жануарлар енгізілді?

2)"Қызыл кітапты" шығарудағы екінші негізгі бағыт қандай?

3)Өсімдіктерге арналған шығарылымықай жылы жарық көрді?

№4

1)омыртқалы жануарларға арналып шығарылды

2)Жастарға табиғаттың маңыздылығын насихаттау,оған қамқор болуға тәрбиелеу.

3)1981 жылы басып шығарылды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi