Ы. Алтынсарин дүние қалай етсең табылады өмірді өзгерткен кеңес эссе

1205223 1205223    1   06.12.2021 17:25    1

Ответы
lizarepkina2004 lizarepkina2004  22.01.2022 08:28

Ыбырай Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесі - қазақ балаларына арнап өзі құрастырған оқулыққа енген, өзге тілден аударылған шығарма. Әңгіме француз жұртының бір білімді адамының жазғанынан деп басталып, Антон деген жол бойында қайыр сұрап отыратын тіленші жігіт туралы баяндалады. Бірде кездескен жолаушы кісінің Антонға ақыл беріп, мысалмен өз басынан өткен жайды өзгеге үлгі етуінің сыры бар. Онда ол еріншектіктен арылып, жалқаулыққа салынбай еткен еңбек, төккен терінің арқасында бақуатты жағдайға жеткенін, балаларын да жасынан бос жүруге, қиналмай мал табуға үйретпегендігін, өз қайратымен тұрғызған екі өндіріс орнын балаларына бергендігін айтады. «Осы айтқанымша, машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың, Антон», - деген жолаушы кісінің айтқан тілін алған Антон ерінбей еңбек етіп, маңдай терімен жақсы тұрмысқа жетеді. Бұған куә болған шетелдік әңгіме авторының көргені мен түйгені - еңбекті сүю, одан қашпай, дүниені еткен еңбек, төккен терден сұрау керек деген оймен тұжырымдалады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi