XXI ғ.Ахмет Байтұрсынұлы туралы эссе керек​

etre etre    3   05.05.2020 10:39    1

Ответы
захар188 захар188  28.08.2020 18:17

Ахмет Байтұрсынұлы - мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Ол 1873 ж. он бесінші қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. 1895 ж. Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебін бітірген. 1895 жылдан 1909 жылға дейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. 1905 ж. жазылған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі болды. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Ахмет Байтұрсынов 1909 ж. бірінші шілде күні губернатор бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Көп кешікпей Ішкі істер министрлігінің Ерекше Кеңесі оны қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Ахмет Байтұрсынов Орынборға 1910 ж. наурыздың тоғызында келіп 1917 жылдың соңына дейін тұрды. Осы қалада 1913 - 18 ж. өзінің ең жақын сенімді достары Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовпен бірігіп және қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарды. Қазақ елінің азаттық қозғалысы тарихында Байтұрсынов редакторлық жасаған «Қазақ» газетінің алатын орны ерекше. Байтұрсынов 1917 ж.революциядан кейін өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған алаш қозғалысына тікелей араласып, «Қазақ» газеті арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды және Екінші жалпықазақ съезінде Оқу-ағарту комиссиясы төрағасы болып сайланды. 1919 ж. наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге барды. Сол жылы сәуірде Байтұрсыновтың ықпалымен Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. 1920 ж. қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. 1920 - 21 ж. Қазақ АКСР халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 ж. Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922 - 25 ж. Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынов түрлі қызметке ат салыса жүріп, 1921 - 25 ж. Орынбордағы, 1926 - 28 ж.Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 ж. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 ж. екінші маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге тұтқынға алынып, Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. 1930 ж. төртінші сәуірде ату жазасына кесілді. Бұл шешім 1931 ж. қаңтарда он жылға концлагерге ауыстырылды. 1934 ж. Максим Горькийдің жұбайы Елена Пешкованың көмегімен Байтұрсынов мерзімінен бұрын босатылып, отбасымен Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарды. 1937 ж. сегізінші қазанда тағы да қамауға алынып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды; Ахмет Байтұрсынов Алматы қаласында 1938 ж. сегізінші желтоқсанда қаза тапты.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi