Выполните задания под текстом.) Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 853 мыңға жуық. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.

Астана Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалы өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді. Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң.

Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды. Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталығының біріне айналды. Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды.

1.Мәтінге тақырып қойыңыз

(Озаглавьте текст)

2.Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтаңыз.

(Из текста выпишите 2 основных информации)

Негізгі ақпараттар

1

2

3. Мәтіннен жанама ақпараттарды анықьаңыз.

(Из теста выпиши 2 второстепенных информации)

Жанама ақпараттар.

1

2

4. «Менің туған өлкем» тақырыбы бойынша 30-40 сөзден тұратын шағын эссе жазыңыз. Эссе мазмұнында деректі және дерексіз зат есімдерді қолданыңыз.

(Напишите эссе на тему «Мой родной край» ( объем 30-40 слов). В эссе используйте конкретные и абстрактные имена существительные.)

danbka2707 danbka2707    3   12.12.2020 01:45    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi