Выпишите из текста пять опорных слов которые описывают настроение автора нужно

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

Дəл қай күні екенін айта алмаймын.

Бірақ… бірақ…

Ешкімді де билетпей қайтармаймын.

Онда ортаға тасталар ұран сондай:

Қайта алмайды қартың да бір əн салмай,

Жиырма бестің бəрін де сабылдыртам, ..

Мен өзім де əн салам түн ауғанша,

Менің жаным бұл күнге құмар қанша!

Бəйге берем жығылған палуанға да,

Адалдығы сезіліп тұрар болса.

Қыз қуатын жігітке ат беремін,

Жанам деген жүрекке от беремін.

Мен əйтеуір бар жиған-тергенімді

Бір тамаша той қылып өткеремін.

Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым,

Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.

Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,

Қазанымда бір асым ет қалмауын...​

Greninja Greninja    2   11.12.2020 09:12    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi